Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасы еліміздің көші-қон саласын реттеуге және экономикаға дамуын кадрлық жағынан қамтамасыз етуді көздейді. Оның аясында жұмыстар үш блок бойынша атқарылады. Атап айтқанда, елімізге білікті кадрлардың келуін ынталандыру; шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығын қорғау; өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздікті жою. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлімдеді.