Бас прокуратура қаңтар оқиғаларын тергеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Құқық қорғау органдары барлығы 5 мыңнан астам қылмыстық іс тіркеді. Тергеу кезеңінде 4,5 мың сараптамалық зерттеулер жүргізілді. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және ұйымдастыру фактісі бойынша 131 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. Осы қылмыстарды жасағаны үшін 931 адам күдікті деп танылды, 96 адам қамауда, 471 адам сотталды. ОКҚ алаңында өткен брифингте Бас прокуратураның 1 қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов осындай деректерді келтірді.