Бұған дейін гранттық қаржыландыру форматы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігімен ұқсас болып келді. Осыған байланысты халықаралық тәжірибе негізінде гранттық қаржыландырудың бірқатар жаңа тетіктері енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтып берді.