Бүгінгі таңда «Электрондық шот-фактуралар» жүйесінде 800 мыңға жуық пайдаланушы тіркелген және 860 млн ЭШФ жазып берілген. Жүйе енгізілген сәттен бастап ҚҚС бойынша 565 млрд теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеді.