Мәдениет және спорт министрлігі биылғы «Балалар жылын» өткізу аясында көзделген барлық тапсырмалар мен іс-шараларды жүзеге асырды. Әзірленген іс-шаралар жоспарында 69 ауқымды іс-шара көзделген, оның ішінде ведомство 9 шара бойынша негізгі орындаушы болып белгіленген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлім етті.