Елімізде инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесі жұмыс істейді, онда 108 шетелдік мекеме сыртқы периметр бойынша жаңа инвесторларды іздеуді, шетелдік инвесторлармен тікелей байланыс орнатуды және алғашқы келіссөздерді жүргізуді жүзеге асырады. Биыл елшіліктер шет елдердегі шетелдік компаниялармен 3 мыңға жуық кездесу өткізіп, олардың Қазақстанға 600-ден астам сапарын қамтамасыз етті. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров орталық деңгейде және өңірлерде елімізде жұмыс істеуге мүдделі инвесторлармен 2700-ден астам кездесу өткізілгенін атап өтті.