Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі отбасылық құндылықтарды нығайту, жас отбасыларды қолдау, сондай-ақ отбасылар жиі кездесетін проблемалық мәселелерді зерттеу саласында кешенді жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Баймульдинов хабарлады.