Пренатальды скринингтің сапасын жақсарту үшін 18 ұрықты қорғау орталығы құрылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәлімдеді. Жүкті әйелдердің ультрадыбыстық және биохимиялық скринингі, генетиктер, акушер-гинекологтар кеңесі жүргізіледі. Ұрықтың даму патологиясы анықталған кезде, пренатальды консилиумда одан әрі жүргізу және босану тактикасы анықталады.