Мемлекет кепілдік берген заң көмегі – бұ тегін негізде алуға құқығы бар жеке тұлғаларға көрсетілетін заң көмегі. Оны көрсеткені үшін шығыстар мемлекеттік бюджеттен өтеледі. Білікті заң көмегі қазіргі азаматтық қоғамның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, бұған дәлел – білікті кәсіби заңгерлердің қызметі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті.