ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында тегін заң көмегін көрсету туралы баяндады. Конституциялық құқықты іске асыру үшін мемлекет кепілдік берген заң көмегі бірқатар заңдарда бекітілген. Атап айтқанда, «ҚР Конституциялық Соты туралы» Конституциялық Заңда, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңда, сондай-ақ, Азаматтық процестік, Қылмыстық процестік, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік рәсімдік-процестік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерде бекітілген.