Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету әділет департаментімен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім жасасқан адвокаттың міндеті болып табылады. ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда, адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөніндегі қызметін ұйымдастыруды адвокаттар алқасы қамтамасыз етеді. Осы мақсатта адвокаттар алқалары жыл сайын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін қалыптастырады, содан кейін аумақтық әділет органдарына Ашық деректер порталына орналастыру үшін жолдайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті.