«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң іске асырыла бастағалы бүгінгі жағдай бойынша 715 мыңнан астам адамға тегін заң көмегі көрсетілді. Әділет министрлігі бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты. 2018-2021 жылдары республикалық бюджеттен тегін заң көмегін көрсетуге орта есеппен жыл сайын 1,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова хабарлады.