Ұлттық радиожиілік ресурсы шектеулі болғандықтан, ҚР Президенті жанындағы Цифрландыру жөніндегі комиссияның хаттамасы негізінде тиімді пайдалану мақсатында 5G радиожиіліктерін бөлу бойынша аукциондар ұйымдастыру мәселесін пысықтау тапсырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді.