Қазақстанда 59 мұнай жеткізуші мұнай өнімдерін сатумен айналысады. Оның ішінде «PetroSun» және «Қазмұнайгаз» ЖШС нарықтың 80%-ын алады. «PetroSun» ЖШС қатысу үлесінің жартысын «ҚазМұнайГаз» сатып алды, тиісінше бүгінгі таңда мемлекетте мұнай өнімдерін көтерме сату нарығы 80%-ды құрайды. Бірақ көтерме жеткізушілер мен бөлшек сауда арасында үлкен баға айырмашылығы қалыптасқан нарықтардың теңгерімсіз бағалық реттелуіне байланысты, мұнай және мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілермен үлестес делдалдар көбейіп отыр. Шағын компаниялар үшін жеткізушілердің ресурстарына қол жеткізуге шектеу қойылуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді.