Самұрық-Энерго, ОАЭК, ККС тігінен интеграцияланған компаниялары (ТИК) тұлғасында электр энергиясын сатудың бөлшек сауда нарығындағы нарықтық шоғырлануы ел өңірлерінде 35-тен 100%-ға дейін. Бұл энергия өндіруші компаниялардан электр энергиясын сатып алуға қол жетімділікті шектеуге әкеледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді.