Бүгінгі таңда Қазақстанда 140 мыңнан астам табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек түрінде мемлекеттен қолдау көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға төленеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықованың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға заттай түрдегі азық-түлік, тұрмыстық жиынтықтар ақшалай түрге ауыстырылды. Оның мөлшері 1,5 АЕК-ті немесе 2023 жылы 5175 теңгені құрайды және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға беріледі.