Биыл мұнай өнімдерінің өндірісі артты. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бойынша: бензин өндірісі 5 млн тоннаны, дизель отыны – 5,2 млн тоннаны, авиакеросин – 0,7 млн тоннаны және мазут – 2,8 млн тоннаны құрады. Сонымен қатар 1 млн тонна битум өндірілді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОКҚ-да өткен брифингте осындай мәліметтерді келтірді.