Жыл қорытындысы бойынша елдің газдандырылған халқының күтілетін деңгейі 59%-ды құрайды. 2022 жылы 96,1 млрд теңгеге 142 газ жобасы іске асырылды, бұл 284,8 мың адамды немесе 107 ауылдық елді мекенді табиғи газға қолжетімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2023 жылы газдандырылған халықтың үлесін 59,9%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов хабарлады.
2023 жылы 56 ауылдық елді мекенді газбен қамтамасыз ету жоспарланған
Тегтер:
энергетика