Жер қойнауын игеру және осы салаға инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда көмірсутектер мен уранды барлауға және өндіруге арналған 304 келісімшарт бар. 2022 жылдың 9 айында жер қойнауын пайдалануға салынған инвестициялар сомасы 5,9 трлн теңгені құрады. Энергетика министрі Болат Ақшолақов саладағы ахуал жайлы баяндады.