Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын балаларға арналған азық-түлік себетінің орнына ақша беру туралы шешім қабылдады. Монетизация АӘК алушылар қатарындағы әрбір балаға ай сайынғы негізде 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша ақшалай төлем белгілеу арқылы жүзеге асырылды, ол биыл 5 175 теңгені құрайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ОКҚ алаңында ведомствоның алқа отырысының қорытындыларына арналған брифинг барысында бұл шешімді түсіндіріп өтті.