«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Ғалым Құрман Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҮЕҰ-на берілетін гранттар сомасына тоқталды. Қысқа мерзімді гранттар бойынша қаржыландыру көлемі айлық есептік көрсеткіштің кемінде 500 еселенген және үш мың еселенген мөлшерінен аспайды. Орта мерзімді гранттар бойынша қаржыландыру көлемі АЕК-тің кемінде 3 мың еселенген және 10 мың еселенген мөлшерінен аспайды. Ұзақ мерзімді гранттар бойынша қаржыландыру көлемі – айлық есептік көрсеткіштің 10 мың еселенген мөлшерінен кем емес.