Биыл Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламалары рейтингісі 19 критерий бойынша өткізілді. Рейтинг әдістемесі бойынша «түлектердің мансаптық болашағы» блогы 52%, «білім беру бағдарламасының сапасы» блогы 41%, ал «білім алушылардың жетістіктері» блогы 7% үлес салмақты құрайды. ОКҚ алаңында өткен брифингте «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов осындай көрсеткіштерді жария етті.