Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкімшілік заңнаманы жетілдіру тәсілдері туралы баяндады. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылы қабылданып, 2021 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізілді. Оның негізгі міндеті – адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бір жағынан жеке немесе заңды тұлға, ал екінші жағынан әкімшілік орган әрекет ететін әкімшілік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау.