Әділет министрлігі өз алдында тұрған міндет аясында белгілі бір бағыттарды әзірледі. Бұл жұмыстың негізі ведомствоның әкімшілік заңнама бойынша талдамалық жұмысының қорытындысы бойынша әзірленген деректер, сондай-ақ халықаралық тәжірибе болды. Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ең маңызды бағыттарға тоқталды.