2022 жылы ҚР Қорғаныс Министрлігі Қарулы Күштер қатарында әскери қызметте белгіленген мерзімде қызмет еткен азаматтарға білім беру жеңілдіктерін жасау туралы бастама көтерді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева әскери қызметшілерге қандай жеңілдіктер жасалатыны туралы хабарлады.