5 ақпанда елордалық көрермен «Sensitive» ерекше би ұжымының өнерін тамашалайды, оның құрамында есту қабілеті бұзылған бишілер бар. Екі мәрте Дельфий ойындарының чемпионы атанған ұжым «Сквозь тишину» концертін ұсынады. 6 ақпан күні #Мы с тобой одной крови атты әлеуметтік драмасын көрсетеді. Бұл Орталық Азиядағы ым тіліндегі жалғыз спектакль. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Ұлттық Дельфий комитетінің директоры, #EREKSHEteatr авторы және продюсері Құралай Түспекова айтып берді.