«Қазгидромет» РМК су тасқыны кезеңіне алдын ала болжамды 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4 ақпанда шығарды және барлық мемлекеттік органдарға жолданды. Одан әрі су тасқыны кезеңіне негізгі болжамын 5 наурызға дейін ұсынады. Наурыз айынан бастап гидрологиялық болжамын апта сайын ұсынады. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметі алаңында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин мәлімдеді.