Сырдария өзенінде мұздың жиналуына және шуганың өтуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында күн сайын тиісті органдармен мониторинг және ақпарат алмасу жұмыстары жүргізілуде. ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллиннің айтуынша, бүгінгі күні Шардара су қоймасының көлемі 4676 млн м3, Көксарай су реттегішінің көлемі – 1438 млн м3 құрайды. Шардара су қоймасына ағын 1101 м3/сек, Сырдария өзенінің төменгі ағысына ағызу 900 м3/сек, Көксарай су реттегішінен су ағызу 350 м3/сек, Сырдария өзенінің төменгі ағысына ағызу 550 м3/сек құрайды.