Дәрі-дәрмек сапасын бақылау жүйесі оны әзірлеу сәтінен бастап халық қолданғанға дейінгі аралықта жұмыс істейді. Атап айтқанда, тіркеу кезінде сараптама жүргізу, елге әкелу кезінде олардың сапасын бағалау, сондай-ақ олардың нарықтағы айналым процесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін және сапасын бақылау жұмысы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда республикада 7,5 мыңға жуық дәрілік препарат пен 11 мыңнан астам медициналық бұйым тіркелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев мәлімдеді.