Талдау нәтижесінде авариялар мен оқыс оқиғалардың негізгі себептері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу, пайдаланылатын жабдықтың жоғары моральдық және физикалық тозуы, сондай-ақ жұмыскерлердің өндірістік және еңбек тәртібінің төмендігі болып табылатыны анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нығмеджан Мақажанов мәлім етті.