3 наурызда қарызы бар азаматтардан банкроттыққа арыздар қабылдана бастайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық кездесуде ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті. Банкроттық туралы заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.