Жол-көлік оқиғасының негізгі себептерінің бірі – көлік жүргізу тәртібінің төмендігі. Жол жүрісіне қатысушылардың бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасы, жанашырлық сезімі әлі де төмен. Қарапайым қағидаларды сақтау жолдағы төтенше жағдайлар ықтималдығын азайтуға көмектеседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова хабарлады.