2022 жылдан бастап зорлық-зомбылық жағдайында агрессордың кінәсін дәлелдеу міндеті жәбірленушіге емес, полицияға жүктелді. Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Ольга Николаеваның айтуынша, соңғы екі жылда әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша ІІМ қызметкерлерінің саны екі есеге артты.