Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады. Облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес 2023 жылғы егіс алқаптарының болжамды құрылымы қалыптастырылды. Биыл жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрайды, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 68,6 мың гектарға артық.