Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел барысында АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев ветеринариялық дәрігер мәртебесін арттыру, ветеринариялық кадрларды даярлау және ветеринариялық қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың басқа да шаралары туралы айтып берді.