Елордалық «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған 16 сағаттық «Сайлау-2023» онлайн-марафоны басталды. ОКҚ алаңындағы телемарафон барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бүкіл әлем сайлауға зор қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.