Прокуратура органдары сайлау процесі заңдылығының қамтамасыз етілуін жоғары қадағалауды жүргізуде. 17 наурызға дейін Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы бойынша 24 және маслихаттар бойынша 13 заң бұзушылық тіркелді. Бұл фактілер бойынша кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы елордалық «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған 16 сағаттық «Сайлау-2023» онлайн-марафоны барысында өтіп жатқан ОКҚ алаңындағы брифингте ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Сарғазин Азамат мәлімдеді.