Бүгін сайлау өтуіне байланысты ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түрінде жұмыс атқаруда. Бұл туралы «Сайлау-2023» онлайн-марафоны барысында өтіп жатқан ОКҚ алаңындағы брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Бүгінде Қазақстан бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға ішкі істер органдарының 45 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылған.