Цифрландыру деңгейі, жоғары мотивация, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын кеңейту, «бәріне қарсымын» бағаны – бұл азаматтарды сайлау процесіне тарту үшін оң және қажетті жағдайлар. Әзербайжан мен Грузиядан келген халықаралық байқаушылар Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте өз пікірлерімен бөлісті.