Дауыс беру рәсімі басталғалы бері прокуратура органдарына ықтимал заң бұзушылықтар туралы 25 өтініш келіп түсті, оның бесеуі Бас прокуратураға жолданған. Олар тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті прокурорларға жолданды. Бұл туралы «Сайлау-2023» онлайн-марафоны барысында ОКҚ алаңында ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Сарғазин Азамат мәлімдеді.