Батыс Қазақстан облысында киік санының айтарлықтай артуы фермерлердің жайылымдары мен шабындықтарына елеулі зиян келтіріп отыр. Өңір әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, алдын ала есептеулер бойынша Оралда киіктер популяциясы қазірдің өзінде 1,5 млн бастан асты. Қазір оларды санау жүріп жатыр және жақын күндері нақты деректер белгілі болады.