Балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы дөңгелек үстелдің тақырыбы болды. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова елімізде Балаларды қорғау күніне орай енгізіліп жатқан нысандар және бүгінгі мерекенің негізгі іс-шаралары туралы айтып берді.