Бес айда өнеркәсіп көлемі 2,6% ұлғайып, 1,1 трлн теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің өсімі машина жасау өндірісін 42%-ға, дайын металл бұйымдарын 12,2%-ға, тамақ өнімдерін 17,8%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған өңір басшысы Құмар Ақсақалов осындай көрсеткіштерді келтірді.