ЕАЭО елдерінде, оның ішінде оларға қойылған шектеулерге немесе ауыртпалықтарға байланысты бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған автомобиль иелеріне оларды заңдастыру шарттарымен бастапқы тіркеуден өтуге немесе кері әкету туралы міндеттеме бойынша Қазақстанда 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою құқығы берілетін болады. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, бұл жұмысты осы жылдың 17 шілдесінен бастау жоспарлануда.