Қазақстанда IT-технологиялар саласында әйелдердің 31%-ы жұмыс істейді, ал әлемде бұл көрсеткіш 18%-дан аспайды. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында  «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйым президенті Азиза Шужеева осындай көрсеткіштерді келтірді.