Бүгінде Қазақстанда 11 320 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс істейді, олар 950 мың баланы немесе кезекте тұрғандардың 89% қамтып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева осындай көрсеткіштерді келтірді.