Бұл мәселе 2023-2025 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарда қарастырылған. Жоспарды іске асыру жөніндегі дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан ведомство осы бағытта атқаратын шараларға тоқталды.