Әділет министрлігі бұрынғыдай Мемлекет басшысы мен Үкімет актілерінің, сондай-ақ ұлттықтан жоғары сипаттағы басқа да актілердің жобаларына заң сараптамасын жүзеге асырады. Бүгінгі таңда 3500 нормативтік құқықтық акт тіркелді, Заң сараптамасы Президент Жарлықтарының 142 жобасы, Үкімет қаулыларының 1 106 жобасы бойынша жүргізілді. Мұндай деректерді ОКҚ брифингінде әділет министрі Азамат Есқараев келтірді.