Жүргізіліп жатқан кешенді жұмысқа қарамастан, халықтың салауатты өмір сүру салты қағидаттарына адалдығының төмендігі, жүктеменің артуына байланысты онкологиялық орталықтардағы жабдықтардың тозуы, заманауи диагностикалық және зертханалық жабдықтардың болмауы, тозған инфрақұрылым, кадрлар тапшылығы сияқты бірқатар проблемалық мәселелер қалып отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәлім етті.