Бүгінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою саласындағы мәселелерге ерекше назар аударылып отыр. Соның ішінде, Қауіпсіздік Кеңесімен, Үкімет аппаратымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өрттерге ден қою алгоритмі әзірленді. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлім етті.